Қаланың кітапханалары жаңа кітаптармен толықты

?Павлодар қаласының ОКЖ кітап қоры 278 306 дана кітап құрайды. Жыл басынан әр түрлі бағыттар бойынша 1 043 дана түсті: ғылыми-жаратылыстану, техникалық, медициналық әдебиет; қоғамдық-саяси, тарихи, өлкетану әдебиеті; өнер және спорт бойынша, тіл білімі мәселелерін зерттеу бойынша кітаптар. Сондай-ақ түрлі жастағы оқырмандарға жаңа көркем әдебиет түсті (тарихи романдар, детективтер, махаббат романдары, фантастика, шытырман оқиғалы, аудармалы әлемдік әдебиет, балалар әңгімелері, повесть, ертегілер).

?Сонымен қатар, оқырмандарға павлодарлық жазушылардың авторлық шығармалары ұсынылады.

?Құрметті павлодарлықтар мен қала қонақтары! Сіздерді қаланың кітапханаларына шақырамыз, өйткені кітап бұл біздің өткен, бүгінгі, болашақ тарихымызды баяндайтын білім қазынасы. ?

Комментарии запрещены.