«Қала көшелерінің жаңа атаулары» өлкетану сағаты

18 шілде күні №4 балалар кітапханасында жас оқырмандарға қала күніне            арналған «Қала көшелерінің жаңа атаулары» атты өлкетану сағаты өтті. Кітапханашылар балаларды Павлодар қаласының тарихымен таныстырды, «Жаңа және ескі көше атаулары» әңгімесі, «Кім көбірек көшелердің атауларын айтады?» ойыны, «Туған қалаң туралы не білесіңдер?» викторинасы өткізілді. Балалар «Туған қаланың көшелері» кітап-иллюстрациялық көрмесін қызығушылықпен тамашалады, Павлодар сүйікті жерлері туралы әңгімеледі. Шара соңында барлығы бірігіп сүйікті қаласына арналған құттықтау-плакат салды.

Комментарии запрещены.