«Қайсар да нәзік жандар»

06.03.23. Орталық қалалық кітапхана және «Malaisary Group» құрылыс компаниясы ұйымдастыруымен «Павлодар облысының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де 8 наурыз мерекесіне орай «Қайсар да нәзік жандар» атты кездесу кеші өткізілді. Шара барысында қарт адамдарды 8 наурыз мерекесімен құттықтап, «Халкъян барт» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің және Даржуман ұлттық жаңғыру мектебінің мүшелері ән салып, би билеп, өз өнерлерін паш етті. Тақырып бойынша «Әйел-Ана, Әйел-Әлем, Әйел-Нұр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Әйел-ананың алақанында» бейнебаян ұсынылды. Орталықтың қарт адамдары қатысушылардың өнеріне тәнті болып, өз лебіздерін білдірді. Сыйға 30 кітап табысталды.

Комментарии запрещены.