«Қайран жылдар…» әдеби-музыкалық кеші

1 қазанда №3 балалар кітапханасының оқу залында зейнеткер-оқырмандарға «Қайран жылдар…» әдеби-музыкалық кеші өткізілді. Мақсаты: оқырмандарымызға мерекелік көңіл-күй сыйлау.

Шара Халықаралық Қарттар күніне, кітапхананың зейнеткер-оқырмандарына арналды.

Жүргізуші Жакиянова Райхан Жаужурековна зейнеткерлерді мерекемен құттықтап, қарттар күні туралы өлеңдер оқыды. Қонақтар ғаламтордан әдемі бейне роликті тамашалады. Іс-шараны өткізуді жалғастыра отырып, оларға тамаша әдемі алғыс сөздер айтып, жүргізуші «Зачем пришли на праздник?»  әзіл ойынын өткізді. Қонақтар қапшықтың ішіндегі сұрақтарға жауап берді. Ары қарай «Ухо,нос и две руки» көңілді ойыны өткізіліп, жеңімпазға сыйлық берілді. Немлиенко Ольга Сергеевна «Репка» ертегісі бойынша ойын өткізді. Қонақтар өздерінің жас кезіндегі әндерін орындады. Шара  соңында қонақтар жағымды демалыс үшін алғыстарын білдірді.

Қатысқандар 9 адам.

Комментарии запрещены.