«Қайғы-қасіреттің ұзақ жаңғырығы» еске алу сағаты

15 ақпанда № 21 ЖОББМ 7 «в» сыныптың оқушыларына «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 30 жылдығына арналған «Қайғы-қасіреттің ұзақ жаңғырығы» еске алу сағаты өткізілді.

Мақсаты: «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы туралы түсінік беру. Мейірімділік, патриотизм сезімдерін тәрбиелеу.

№ 3 балалар кітапханасының жүргізуші —  кітапханашысы Райхан Жаужурековна

Жакиянова Семей ядролық полигоны жайлы, «Невада –Семей»антиядролық қозғалысы туралы айтты.»Невада — Семей» қозғалысының халыққа ядролық қаруды сынауға тыйым салу ұсынысы туралы үндеуді оқыды. Балаларға полигон, оның салдары, қолы кем суретші Кәріпбек Күйіков туралы слайд-презентация көрсетілді. Ғаламтордан 3 минутты бейнеролик көрсетілді. Жүргізуші 7 сыныптың «Қазақ әдебиеті» оқулығынан жазушы Ролан Сейсенбаевтың «День, когда рухнул мир» Семей ядролық полигонының құрбандарына арналған әңгімесінен үзінді оқыды. Н. Ә. Назарбаевтың «Эпицентр мира» кітабынан балалар еліміздің бейбітсүйгіш саясаты туралы білді. Шараға «Семей полигонының жаңғырығы»атты көрме ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.