«Поэзия падишасы – Фариза Оңғарсынова»

12 желтоқсанда № 21 ЖОБМ кітапханасының оқу залында 9  «б» сынып оқушыларына мектеп кітапханасымен бірлесіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Фариза Оңғарсынованың  80 жылдығына орай «Поэзия падишасы – Фариза Оңғарсынова» еске алу кеші өткізілді. Мақсаты: оқырмандардың ақын тұлғасы туралы түсініктерін қалыптастыру; оның шығармашылығы арқылы поэзияның сиқырлы әлемін көрсету; ақын-азаматқа, өз Отанының патриотына деген құрмет сезімін тәрбиелеу. Мәнерлеп оқуды дамыту.  Қатысқандар 21 адам.

 Жүргізуші № 3 балалар кітапханасының кітапханашысы Калиева Динара Амангельдиновна  мен № 21 ЖОБМ кітапханашысы Шахманова Ақбота Жазкеновна балаларды қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың өмірімен шығармашылығымен таныстырды. Балаларға  «Қазақтың ақын қызы-Фариза Оңғарсынова»  бейнеролигі көрсетілді. Ары қарай балалар ақын Фариза Оңғарсынованың «Перзент сөзі»,  «Анама» ,«Туған жер»,  «Фаризаға арнау», «Сағындым»  өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Оқушыларға «Зула менің жыр – күйім шабыт жегіп» слайд-презентациясы көрсетіліп, «Фаризажан» әні тыңдалды. Шара  «Жыр падишасы – Фариза Оңғарсынова» кітап көрмесіне шолумен аяқталды.

Комментарии запрещены.