12 желтоқсанда № 21 ЖОБМ кітапханасының оқу залында 9 «б» сынып оқушыларына мектеп кітапханасымен бірлесіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай «Поэзия падишасы – Фариза Оңғарсынова» еске алу кеші өткізілді. Мақсаты: оқырмандардың ақын тұлғасы туралы түсініктерін қалыптастыру; оның шығармашылығы арқылы поэзияның сиқырлы әлемін көрсету; ақын-азаматқа, өз Отанының патриотына деген құрмет сезімін тәрбиелеу. Мәнерлеп оқуды дамыту. Қатысқандар 21 адам.
Жүргізуші № 3 балалар кітапханасының кітапханашысы Калиева Динара Амангельдиновна мен № 21 ЖОБМ кітапханашысы Шахманова Ақбота Жазкеновна балаларды қазақ ақыны, халық жазушысы, журналист Фариза Оңғарсынованың өмірімен шығармашылығымен таныстырды. Балаларға «Қазақтың ақын қызы-Фариза Оңғарсынова» бейнеролигі көрсетілді. Ары қарай балалар ақын Фариза Оңғарсынованың «Перзент сөзі», «Анама» ,«Туған жер», «Фаризаға арнау», «Сағындым» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Оқушыларға «Зула менің жыр – күйім шабыт жегіп» слайд-презентациясы көрсетіліп, «Фаризажан» әні тыңдалды. Шара «Жыр падишасы – Фариза Оңғарсынова» кітап көрмесіне шолумен аяқталды.