1 қазан күні Орталық балалар кітапханасының коворкингінде Халықаралық қарттар күніне арналған Павлодар қ. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі зейнеткерлері үшін «Біздің әлі де айтарымыз бар…» ардагерлер клубы аясында «Өз жасыңмен үйлесімде болу» атты калейдоскоп өткізілді.
Жүргізуші-кітапханашылар Борякина Елена Юрьевна мен Магзумова Айнагүл Рамазанқызы жиналғандарды мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, мол бақыт және ұзақ ғұмыр тіледі. Бүкіл әлемде күнтізбелік жасқа жеткен және өмірлік тәжірибесі бай адамдарды құрметтеу жақсы дәстүрге айналды. Бұл күн – жүректеріңіздің жылулығы үшін; жұмысқа берілген күштеріңіз үшін; балаларыңыз бен немерелеріңіз – яғни біздермен бөлісетін тәжірибелеріңіз үшін алғыс күні болып табылады.
«Павлодар қаласының Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» Жетекшісінің міндетін атқарушы қызметінде жүрген Камешева Нұргүл Бекбулатқызы зейнеткерлерге кішігірім сыйлықтар тарту етіп, оларды құттықтады. «Первый вечер октября» и «Всем Вам давно за 50» әндерін бірге шырқауға ұсынған: Орталық балалар кітапханасының жетекшісі Қабылденова Айтжамал Қаирбекқызы да құттықтаған болатын.
Бағдарлама жалғасында: «День пожилого человека» және «Песочное шоу ко дню мудрости» бейнеороликтерді қарау; «Получила бабулька пенсию» ертегісі көрстелді. «Бабушкин выходной» қойылымы және «Курочка Ряба» қуыршақ қойылымын тамашалау; «Домашняя утварь» жұмбақтар сайысы; «Догадайся и спой» музыкалық сұрақ-жауап; «Какая вы бабушка?» тестінің өткізілуі және т.б.; клубтың ең қарт мүшелері Максимова Ирина Петровна мен Панина Татьяна Михайловнаның құттықтаулары және жаңа өлеңдерінің оқылуы; «Листья жёлтые», «Желаю вам» әндерінің бірлесіп орындалуы болды. Шара қонақтарына концерттік бағдарлама да ұнады: №33 ЖОББМ-нің 10-сынып оқушылары Тулебай Адинай мен Каиркенова Жарқынай «Арнау тобы», «Толғау» әндерін орындады; Жетекші ауылының кітапханашысы «Жібекті елі» және «Қыз бала» әндерін айтқан болатын; Достық үйінің би ансамбліндегі қыздар – башқұрт және грек билерін билеп, барлығын қуантты.
Мерекелік шара дастархан басында, бір шыны шай іше отырып жалғасты. Онда ардагерлердің әрқайсысы жиналғандарға тілектерін айтып, қызметте жүргендегі қызықты да күлкілі жағдайларды еске алды.
Қатысушылар саны – 28 адам.