8 қаңтар күні Мүбарак Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасының коворкингінде № 85 балабақшаның мектепалды тобы балаларына арналған «Өз қолдарымен ашықхаттар жасау» жаңа жылдық шеберхана өткізілді. Мақсаты: қысқы демалыста балалардың бос уақытын ұйымдастыру.
Жүргізуші-кітапханашы Микушина Любовь Степановна бүлдіршіндерді Жаңа жылмен құттықтап, «Орманда шырша туыпты» әнін барлығына бірге шырқауды ұсынды. Содан «Загадки» және «Загадки-обманки» сайыстарында өздерінің тапқырлықтарын көрсетуді ұсынды; «Кто любит петь и играть» ойынында балалар қатты дауыстап «Это я» деп қойылған сұрақтарға жауап берді. «Есть в лесу…» физкульминуткада балалар ерекше қуанышпен қатысып және екі топқа бөлініп жұмыс үстелдерінде жаңа жылдық ашықхаттар жасауға кірісті.
Шара соңы балаларға «По щучьему велению» қуыршақ қойылымының көрсетілуімен аяқталды. Қатысушылар саны – 34 адам.