«Өз планетаңызды сақтаңыз»

12 наурыз күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында. № 27 ЖОМ 1-3 сынып  оқушылары үшін Жер күніне арналған «Өз планетаңызды сақтаңыз» экологиялық сағаты өткізілді. Кітапханашы оқушыларды «Жер күні» мерекесімен таныстырып, табиғаттағы мінез-құлық ережелері, қоршаған әлемге дұрыс күтім жасау, қоршаған ортаны қорғау ісіне белсенді қатысу туралы айтты. Жер планетасын қорғау әр адамның міндеті екенін атап өтті. Әрі қарай бағдарламада: «Табиғат туралы мақал-мәтелдер», «Экологиялық жұмбақтар» байқаулары; «Қазақстанның әдемі жерлері» бейнеролигін көру; «Менің жерім» тақырыбында сурет салу минуты. Іс-шара соңында қатысушылар «Туған ел» әнін тыңдап, «Қазақстанның өсімдіктер әлемі» атты кітап көрмесімен танысты.

Комментарии запрещены.