13 маусымда №2 балалар кітапханасының қызметкерлері Усолка шағын ауданында орналасқан мамандырылған өрт сөндіру бөлімінде №42 мектептің жанындағы демалыс лагеріндегі балаларға арнап «Отпен ойнама» атты қауіпсіздік сабағын өткізді.
Мақсаты:
- жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын ұйымдастыру;
- өртке қарсы қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
Өрт сөндіру бөлімінің қызметкері балаларға өрт сөндіру көлігі, өрт сөндірушінің киімі туралы әңгімеледі. Балалар қызығушылық танытып, қолдарына өрт сөндірушінің құралдарын ұстап, дулыға қалпағын киіп көрді.
Кейін кітапханашылар балалармен бірге ойын-сайыс түрінде өрт неден болатынын, қандай салдарға жеткізетінін, сөндіру үшін не істеу керектігін анықтады. «Өрт кезінде өзіңді қалай ұстау керек» ойынында әртүрлі қиын жағдайлардан шығу жолын іздеді. Мысалы: егерде өрт басталса, бөлмеге түтін толып кетсе, теледидар бықси бастаса, улы түтін ішінде қалай демалу керегін білді. Соңында «Отты тоқтат!» кітап көрмесі бойынша шолу жасалынды. Шараға 30 бала қатысты.