2019 жылы 11 қыркүйек күні ОБК-нда «Отбасы – баға жетпес сый» танымдық-ойын бағдарламасы өтті. Жүргізуші Е.Ю.Борякина отбасының адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеп, «Там, где дружная семья» атты өлеңін оқып берді. Танымдық-ойын бағдарламасына Ковалевтер (№19 балабақша), Зиновьевтер (№24 балабақша), Щеколенковтар (№96 балабақша), Данияровтар (№115 балабақша) отбасылары қатысты.
Шара қатысушылары өздерінің отбасылары туралы бейне презинтация дайындап, көрсетті. Сонымен қатар олар «Мақалды аяқта», «Түсіндірмелер», «Дәмді сұрақтар» сайыстарына қатысты. Балалар ата-аналарымен бірге шығармашылық шеберханада жұмыс істеп, «Паровозик» ойынын ойнады. Және де «Отбасы символы — түймедақ» бейнеролигін тамашалады. Ата-аналар балаларының тамаша және дарынды екендерін байқады. Ал балалар болса, ата-аналары олардың қасында болғысы келетіндерін көрді. Танымдық-ойын бағдарламасында қатысушылар өздерін отбасы сияқты сезінді. Отбасы деген әрқайсысымыз үшін өмірдегі ең маңыздысы болып табылады. Отбасы – бұл жақын және қымбат адамдар, біз оларды жақсы көреміз, олардан үлгі аламыз, оларға қамқарлық жасаймыз, оларға жақсылық пен бақыт тілейміз. Біз сүйіспеншілікті, жауапкершілікті, қамқорлық пен құрметтеуді өз отбасымыздан ғана бастау алып, үйренеміз.