«Оқусыз білім жоқ» 

2 сәуір күні Халықаралық балалар кітабы күніне орай, Мүбарак Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында Балалар кітабы және музыка апталығы аясында № 5 мектеп 2  «в» сынып оқушыларына «Оқусыз білім жоқ»  жаңа кітап сағаты Павлодарлық ақын, П. Васильев атындағы әдеби бірлестіктің мүшесі Светлана Николаевна Курносованың балаларға арналған өлеңдер кітабының тұсаукесері өтті. Кітапхана қонақтары: ақын, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Людмила Николаевна Бевз және кітапты насихаттаушы, кәсіби кітапханашы Наталья Александровна Колодина. Кітапханашы «Автормен танысыңыз» әңгімесінде Светлана Николаевна Курносованың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша айтып берді, ал балалар «Оқи білу қандай жақсы!» ақындық композицияда адам өмірінде кітап оқу және оның  рөлі туралы төртшумақ өлеңдер оқыды. Әрі қарай бағдарламада: «Әліпбиді айтайық» бейнеролигін көрсетілді; «Әріптерді тап» ойыны ойнатылды; кітапхана қонақтарына сөз беріліп, осы сыныптың белсенді оқырмандарына сыйлықтар тапсыру.

 

 

Комментарии запрещены.