«Өңіріміздің атақты жазушысы»

Ақпан айының 14 күні Кенжекөл ауылдық мәдениет үйінде, кешкі кітапхана жобасы аясында, Кенжекөл ауылдық көпшілік кітапханасының ұйымдастыруымен, мектеп оқушыларының қатысуымен, жерлесіміз Павлодар қаласының құрметті азаматы, жазушылар одағының мүшесі ақын, жазушы Байғалы Шолпан Байғалықызының 75 жас мерейтойына орай ұйымдастырылған «Өңіріміздің атақты жазушысы» атты кездесу кеші өтті. Ақын кеште жаңа өлеңдерін оқып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыған оқушыларға ақын өз қолтаңбасымен кітаптарын сыйға тарту етті. Кеш соңында көрермендер ақынның кітаптарына арналған «Жүрегім сыр шертеді» атты кітап көрмесімен танысты.

Комментарии запрещены.