«Өнерімен тамсандырған…»

Г. Я Беспаловой.2022 жылдың 7 сәуір күні сағат 15.00-де Орталық қалалық кітапхананың О.Сүлейменов атындағы оқу залында суретші Г. Я Беспаловамен «Өнерімен тамсандырған…» атты арт-кездесу кеші өтті.

Суретші Г.Я. Беспалова ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, көптеген облыстық, республикалық және халықаралық көрмелердің қатысушысы. Галина Беспалованың жұмыс істейтін негізгі жанрлары — портрет, натюрморт және батик. Оның жұмыстары Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Германия, Франция, Түркия, Израиль, АҚШ-тың жеке коллекцияларында бар. Оның жұмыстары Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Германия, Франция, Түркия, Израиль, АҚШ-тың жеке коллекцияларында бар.
Іс-шараға Павлодар облысының шығармашылық зиялы қауым өкілдері, П.Васильев атындағы мұражайдың бас сақтаушысы Корешкова Татьяна Сергеевна, халықаралық кинофестивальдердің лауреаты, режиссер Людмила Лебедева, Естай атындағы мәдениет сарайының «Әл-әки» ансамблінің әртісі Әсем Даутова және көркемсурет колледжінің І- курс студенттері қатысты. Кездесу барысында суретші Г.Я. Беспалованың сурет көрмесі және жұмыстарына бейне шолу ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.