«Өмірдің жылы күндері күз болсын» кешкі кездесу

10 қазан күні Ленинский ауданының №3 көпшілік кітапханасында Павлодар облысының радио және теледидар еңбек ардагері У.С. Уалиқызы үшін Халықаралық  қарттар күніне арналған «Өмірдің  жылы күндері күз болсын» атты  кешкі кездесу өтті.  Кітапхана қызметкерлері М.Е. Нургажинова мен Б.И. Асылханова У.С. Уалиқызының өмірбаяны, белсенді қоғамдық қызметі туралы әңгімелеп берді.

У.С. Уалиқызы өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, қонақтардың сұрақтарына қызуғышылықпен жауап берді. Іс-шара барысында көрермендер мен кітапхана қонақтары жылы лебіздерін білдіріп, ән шырқады.

Кештің қонағы – Павлодар қаласының құрметті азаматы М.Д Демесінұлы келген қонақтарменен жас шақтарын  еске алып,  өлең оқып, сүйікті әндерін шырқады. Мереке шай ішуімен жалғасып, М.Д. Демесінұлы батасын берді. Кешке 8 адам қатысты.

Комментарии запрещены.