«Ол ақын, ол біздің мақтанышымыз»

Ақын, журналист А. Қанидің 70 жыл толуына орай кітапхана қызметкерлері «Ол ақын, ол біздің мақтанышымыз» атты әдеби сағатын өткізді. Шара барысында балалар ақынның «Мерейлі шақ», «Дала», «Туған жер төсінде» өлеңдерін оқыды. Ақын өмірінен қызықты деректерді ұстаз, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуатбек Нұрбақыт Орынбасарұлы айтып берді. Шара соңында кітапханашы балаларды А.Қанидің шығармаларымен таныстырды. Шараға облыстық дарынды балаларға арналған лицей мектебінің 8-сынып оқушылары қатысты.

 

Комментарии запрещены.