2022 жылдың 16 наурызында Павлодар технологиялық колледжінде
О.Н. Григорьеваның 65 жылдығына орай «Никогда не оглядывайся»
атты шығармашылық кеш өтті. Шараға жерлесіміз ақын-журналист Ольга Николаевна Григорьева, Корешкова Татьяна Сергеевна, 4-шағын ауданның ардагерлер кеңесі, кітапхана меңгерушілері, колледж студенттері, №18 орта мектеп оқушылары қатысты. Жүргізушілер №4 көпшілік кітапханасының кітапханашысы Қайырбек Айдана, Павлодар технологиялық колледжінің бірінші курс студенті Хисматулин Салават жүргізді. 4-шағын ауданның ардагерлер кеңесінің төрайымы Нұрғазинова Айман Кәденқызына сөз беріліп, мектеп оқушылары мен колледж студенттері сөз сөйледі.
«Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ басшысының м.а. Оралқанов Айбек Тілеубекұлының атынан №4 көпшілік кітапханасының меңгерушісі Мұхтарханова Гүлнар Декдарбекқызы алғыс хат табыс етті. Шара соңында Ольга Григорьеваға ардагерлер кеңесінен, Павлодар технологиялық колледжінің кітапханашысы Ақмарал Нұрашқызы Қобайдарованың атынан сыйлықтар табыс етілді.
Қатысушылар саны: 100 адам.