«Неткен керемет ертегілер» мульткруизі

6 маусым күні №10 қалалық кітапхананың коворкинг орталығында №24 және №26 мектеп оқушыларына арнап  А.С.Пушкиннің туғанына 220 жылдығына орай ақынның ертегілер желісі бойынша «Неткен керемет ертегілер» мульткруизі болып өтті. Мультсаяхат мектеп оқушылары арасында өтті.Шараны қазақ және орыс тілінде кітапхана қызметкерлері  И.В. Абрамова., Н.И.Пихлик., Р. Займолда өткізді.

Балалар жүргізушілерден Пушкиннің балалар әдебиетшісі емес, бірақ балалар әдебиеті онсыз еш мағынасыз болатындығын айтып өтті. Бес-ақ ертегі жазса да,олардың барлығы тамаша және еске сақтау бір ғанибет. Арығарай балалар жайында Пушкин ертегілері желісімен бейнероликтер көрсетілді. Бейнероликте Пушкиннің бес ертегісі көрсетілді. Жүргізушілер балаларға мультсаяхат жасап демалуға шақырды, ақынның ертегілер желісімен түсірілген мультфильмдер мен ертегілерді тамашалады. Осы саяхат барысында әр шығармаға  викториналар құрастырылды.

Саяхатты «Сказки о царе Салтане» ертегісін көрумен басталды. Балалар басты кейіпкерлерді тауып, князь Гвидонның аралы туралы мәліметтерді айтып берді. Ертегіні бастан аяқ талқылады.

Келесі сұрақтар «Балықшы мен балық» жайында болды. Бұл ертегі  барысында қойылған сұрақтарға балалар оңай жауап берді. Себебі барлығы дерлік ертегіні оқыған немесе мультфильмін көрген екен. Тек ғана рет-ретін айту барысында ғана біраз шатасты.

Ойынды «Сказкой о мёртвой царевне и семи богатырях» ертегісімен жалғастырды. Бұл жерде балалар «Белоснежка и семь гномов» ертегісімен салыстырды. Және келесі ертегіге ауысты.

«Алтын қораз»  ертегісін талқылау барысында біраз қиыншылықтарға тап болды, Шамахан патшайымның кім екенін біле алмады, бірақ жүргізушілер ертегі желісімен кейіпкерлерін түсіндіріп берді.

Мультсаяхатта бұл соңғы ертегі болды. Шара жүргізушілері бір ертегіні балалар өздері оқысын деп  әдейі ұмыттырды. Ал жалқау оқырмандарымызға оқуға ерінген жағдайда мультфильмін көруге кеңес берді.   Саяхатымыз Александр Сергеевичтің «сказка ложь, да в ней намёк, добрым молодцам урок», яғни «ертегі өтірік болса да, ондағы тәрбие балаларға сабақ» деген ұлағатты сөзімен аяқталды. Балалар кітапханамыздан кеткілері келмеді, кітапхана қорынан ұйымдастырылған кітап көрмемен , балалар әдебиеттерімен танысып, орталықтағы үстел ойындарын ойнап, жұмсақ креслоларға отырып демалыстарын барынша қалаулары бойынша өткізуге тырысты. Қатысқандар саны:45 оқушы.

Комментарии запрещены.