5512 әскери бөлімінің сарбаздарына орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері «Наурызым — дәстүрлі ізгілігім» атты ақпараттық сағатын өткізді. Іс-шара барысында Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің рухани құндылықтары, салт-дәстүрлері, діні мен тілі қайта жанданғаны, Наурызда күн мен түннің теңеліп, жаңаруды, бірлік пен ізгілікті, қазақ мұсылман халқының рухани құндылықтарына толы ерекше ұлттық мерекенің пайда болу тарихы туралы айтылып өтті. Шараға 5512 әскер бөлімінің сарбаздары қатысты. «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің» ағаштан түйін түйген қолөнер шебері Садықов Мелжан Рахымсейітұлы ежелгі қазақтың ағаштан жасалған ұлттық ыдыстарын өндіріп, жандандыру жұмыс жолдары туралы айтып өтті. Қазіргі уақытта дайын болған сорпа мен тұздыққа арналған ағаштан жасалған ыдыс-аяқ пен ет салатын астауларын көрсетті. Үш айдың ішінде қолөнерші он бөліктен тұратын барлық жиынтықты жасау жоспарда бар екенін де айта кетті. 5512 әскери бөлімінің сарбазы Евгений Белотелов домбырамен «Ерке сылқым» күйін нақышана келтіре орындады. Сондай-ақ, мерекенің бастауы туралы бейнеролик көрсетіліп, «Наурыз — мереке, Наурыз — береке» кітап көрмесі ұйымдастырылды.