Наурыз – ұлттық болмыстың бастауы

№17 көпшілік кітапханасында 28 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне орай «Наурыз – ұлттық болмыстың бастауы» атты этнографиялық ойын-сауық шарасы өтті.  Мақсаты: наурыз мейрамы туралы түсінікті тереңдету, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды насихаттау және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Кітапханашылар А. Хайсина мен  А.Жармағамбетова жыл басы саналатын Ұлыстың ұлы күні туралы айта келіп, оқушыларды мерекемен құттықтады. Кешке № 7 мектептің 3,4 сынып оқушылары және осы мектептің кітапханашысы Г.Х. Төкенова мен сынып жетекшісі А.Қ. Қабышева қатысты. Кітапханашы А.Е. Хайсина  «Бабалар дәстүрі  — алтын қазына» атты сұрақ-жауап ойынын ұйымдастырды. Белсенді қатысқан оқырмандарға кішігірім сыйлықтар берілді. Сонымен қатар  асық ойынына оқушылар белсенді қатысты. Оқушылар «Наурызым – ізгі дәстүрім» атты кітап көрмесімен танысып, наурыз көжеден дәм татты. Мерекелік шара ұлттық тағамдар қойылған  дастархан басында жалғасты. Қатысқандар саны – 26 адам.

 

Комментарии запрещены.