15 наурызда П.Васильев атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері Павлодар қаласы отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернатының, №1,2,3 музыка мектептерінің оқушыларына және зейнеткер
оқырмандарға «ХХІ ғасыр жастары» нысаналы бағдарламасын іске асыру аясында
«Наурыз – думан» мерекелік кешін өткізді.
Дәстүрлі шашудан кейін «Нұр ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің өкілдеріне сөз берілді. Сәуле
Мезимбаевна Мукалакова мен Асылхан Шойымбайқызы Сарсембаева «Бескке салу»
рәсімін көрсетті. Ал Кұралай Мұхамеджанқызы Уакбаева домбыраның сүйемелдеуімен
«Бесік жырын» айтып, жиналғандарға бата берді.
«Замандас» клубының мүшелері бірнеше ән орындады. Ал оқытушы Ляззат Габитовна Арыкпанова №3 музыка мектебінің оқушыларымен бірге әндер шырқап, «Қара торғай» және «Айттым сәлем Қаламкас» шығармаларын қобызда орындады.
№1 және №2 музыка мектептерінің өнерлі оқушылары скрипкада, гитарада және домбырада
жиналғандарға бірнеше музыкалық нөмерді тарту етті.
Іс-шара соңында жиналғандар арнайы дайындалған кітап көрмесімен танысты және аналар
бірлестігінің, славян мәдени орталығы мен «Замандас» клубының қолөнер шеберлері
дайындаған бұйымдардың көрмесін тамашалады. Кешке белсенді қатысқандарға алғыс
хаттар табыс етілді. 73 адам қатысты.