«Мұзафар атаның көңілді әлемі»

29 наурыз күні «Балалар кітабы және музыкасы апталығы» аясында қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығына орай №25 орта мектептің 1-сынып оқушыларына «Мұзафар атаның көңілді әлемі» атты ертеңгілігі өткізілді. Кітапханашылар елге танымал жерлесіміздің өмірі мен шығармашылығы туралы айтып, өлеңдерін, мысалдарын, мақал-мәтелдерін, жанылтпаштарын, қанатты сөздерін оқыды, балалармен жұмбақтар шешіп, М.Әлімбаевтың кітаптарымен таныстырды.

Комментарии запрещены.