«Мұражай тарих айнасы» мұражайдағы саяхат

Майра ән-өнер мұражай үйінің ашылғанына 20 жыл. 

Майра Уәлиқызы Шамсутдинова– халық әншісі, композитор. 1896 ж. 6-мамырда Кереку (қазіргі Павлодар) қаласында дүниеге келген. Майра жасынан гармон тартып, ән салған. Кереку, Баянауыл, Семей аймағындағы жәрмеңке, той-думандарда өнер көрсетіп, есімі елге жайылған. 1890 жылы қазіргі Павлодар облысы Павлодар қаласында дүниеге келді. Майра 13 жасынан бастап көптеген тыңдаушылар алдында өнерін көрсете бастаған. Дауысының ауқымдылығы класскалық, жеке және сол заманғы шығармаларды орындау мүмкіндігін беретін.

Майра мұражайына орналасқан бұл үй татар көпесі Абдул Фаттақ Рамазановтың шаңырағы болған. 1900 жылы бой көтерген бұл үйде заманында дүлдүл әнші сауық сайран құрып, халықты өнерімен қуантқан. 2001 жылы 30 – қаңтар күні бұл ғимарат Майра мұражайына айналған. Мұражайда 200-ге жуық жәдігер сақталған.

Сері мінезді асқақ арудың иығына жамылған ақ орамалы мен шапаны да мұражайда көзайым болып тұр. Есігін алғаш ашқанда мұражайда 20 шақты ғана экспонат болды, бұл күні ол 10 есеге көбейді. Мұражайға 10 жылдай жетекшілік етіп келе жатқан белгілі өлкетанушы Ерлан Рахымовтың жәдігерлерді толықтырып қорды көбейту, зерттеу ісіне үлесі зор. Киелі шаңырақ Ертіс-Баян өңіріндегі құтты үзілмеген өнердің ортақ ортасы.

YouTube player

 

Комментарии запрещены.