18 қазан күні №7 балалар кітапханасының кітапханашылары № 28 мектептің 3 сынып оқушыларына құқықтық білім күніне орай «Менің құқығым, менің міндетім» іс-шара өткізілді. Мақсаты:Оқушылардың құқықтары мен міндеттері туралы идеяны қалыптастырып, адам құқықтарын құрметтеу. Өз құқықтарына жауапкершілікпен қарап, барлық адамдардың тең құқықтарына ие екендігі туралы тұжырымдаманы ұсыну. Жүргізуші-кітапханашы Галина Владимирқызы Цаплина кіріспе сөзінде бүгін 18 қазан — Рухани келісім күні екенін айтып, адам құқықтары туралы декларацияның кейбір баптары туралы түсінік беріп, «құқық» түсінігінің мағынасын ашып, толық мағынасын берді.Өз елінің «Ата Заңына » бағына отырып, әрбір азамат өз құқығын қорғай білуге және барлық адам тең құқылы екендігін түсіндіріп, құрметтеуге шақырды. Кітапханашы балалармен – тегін білім алуды, олардың дарындарын және қаблеттерін дамытуға, спортпен шұғылдануды құқылы екніне мысалдар келтіріп, диалог арқылы әңгімелесіп, әртүрлі сұрақтарға жауап берді. «Зорлық-зомбылық », «Бөтен хат», «Қатты музыка» ситуациялық сәттер арқылы балалар өз құқығы мен міндеттерін біліп, талқылап — Қандай негізгі құқықтар сізге белгілі? –Қандай халықаралық құжатта балалар құқығы туралы жазылған? — Қай жастан бастап жасөспірімге еңбек етуге құқығы бар? — Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзғаны үшін 14 жасқа толмаған балаларға кім жауапты? және басқа да сұрақ-жауаптарға жауап берді. Шара соңында кітап көрмесіне шолу жасалып, мерзімді басылымдарды балалар қарап тамашалады.Қатысқандар 25 оқушы.