«Менің қаламның тарихы — менің өмірім»

2026 жылғы 08 қаңтарда №18 орта мектептебінің 11 “А” сынып оқушыларына арналған «Менің қаламның тарихы — менің өмірім» іс-шара өтті. Бұл кездесу өлкетанушы, тарихшы Эрнест Соколкиннің 90 жылдығына арналды. Эрнест Соколкин туған қаласының тарихын сақтауға бүкіл ғұмырын арнады. Ол көнекөз қариялардың естеліктерін жинап, архивтермен жұмыс істеді, кітаптар жазды және қала тарихы — әрқайсымыздың тарихымыз деп сенді. Кездесудің қонақтары — ЛИТО мүшелері: Н. В. Борисовская, Е. Н. Висягина және Б. Власов, өз естеліктерімен, жүрекке жылы сөздерімен бөлісті. Елена Николаевна автордың туындыларына шолу жасап өтті.Тарих қызығушылықтан басталады. Бәлкім, дәл осы күні оның жаңа мұрағатшылары пайда болған шығар.

Комментарии запрещены.