«Менің анам!»

Отбасы күніне орай кітапханада «Менің анам!» атты фото және кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – анаға деген құрметті арттыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ оқырмандарды ана, отбасы тақырыбындағы әдеби шығармалармен таныстыру. Фотокөрмеде оқырмандар өз аналарының жарқын сәттері бейнеленген суреттерін ұсынып, жүрекжарды тілектерімен бөлісті. Ал кітап көрмесіне ана мейірімі, отбасы тәрбиесі, адамгершілік пен сүйіспеншілік туралы көркем шығармалар мен танымдық әдебиеттер қойылды.

 

Комментарии запрещены.