«Менің Отаным — Тәуелсіз Қазақстан»

2018 жылғы 12 желтоқсан №43 орта мектебінің акт залында №4 балалар кітапханасының кітапханашылары, №43 орта мектептің кітапханашысымен бірге Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған 8 сынып оқушыларына арналған «Менің Отаным — Тәуелсіз Қазақстан» атты әдеби сағат өткізді. Іс-шараның мақсаты: отансүйгіштік сезімін, отанға деген сүйіспеншілік пен махаббат, қазақ халқының мәдениеті мен тарихи мұрасына құрмет пен қызығушылық, әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты  тәрбиелеу. Іс-шара Қазақстан Республикасы әнұранын орындаумен ашылды. Содан кейін кітапханашылар Т.Ю. Шувалова  мен  Н.К. Мухутдинова Қазақстанның тарихы туралы әңгімелеп берді.       Қазақстанның Тәуелсіздігіне деген жолы оңай емес еді. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан бүкіл әлемге белгілі тәуелсіз мемлекет болды. Оқушыларға  арналған «Тәуелсіздігіміздің есте қаларлық беті», «Қазақстан — бейбітшілік пен келісім жері» және т.б. бейне клиптер, слайдтар көрсетілді. Оқушылар «Менің елімнің тарихы» викторинасына белсенді қатысты. Балалардың назарына «Менің Отаным — Тәуелсіз Қазақстан» кітап көрмесі ұсынылды. Іс-шара  мемлекетіміздің бірлігі мен гүлденуі тілектермен аяқталды.

Комментарии запрещены.