2019 жылы 9 қыркүйекте Орталық балалар кітапханасы №5 ЖОББМ-нің 4А сынып оқушыларына «Мен тілдердің бастауын білуге ұмтыламын» тақырыбында актуалды сұхбат өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты — ана тілінде мемлекеттік тілге деген қызығушылықты ояту, туған халқының мәдени мұрасын зерттеу арқылы патриотизмді қалыптастыру, өз халқында мақтаныш сезімін дамыту, Қазақстан Республикасында тұратын басқа ұлт өкілдеріне құрмет көрсету.Шара жүргізушілері МагзумоваАйнагүлРамазанқызы, Лавриненко Людмила Андреевна және Самчук Ольга Александровна шара қонақтарын мерекемен құттықтады. Жыл сайын 5 қыркүйекте біздіңелімізде Қазақстан халықтарының тілдері күні аталып өтеді. Бұл жалпыға ортақ, жалпыұлттық мереке. Бұл Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың тілдеріне деген құрмет. Біздің елімізде қазақ тілін үйреніп, қолдап және осы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп жүрген әртұрлі ұлт өкілдері көп..
Ақылбек Шаясменовтің «Жер тілдері…» өлеңі оқылды. Балалар «Адамдар қалай сөйлеуді үйренген?» деген сұрақтың жауабын танымдық фильмнен білді.
Біздің бағдарламаны «Қазақтар. Әлемдік бесік жырлары» видеофильмі жалғастырды. Мұнда балалар қазақ халқының салт-дәстүрімен танысты.
Қатысушылар жүргізушілердің: Сендер әлемде қанша тіл бар екенін білесіңдер ме?, Бір адам қанша тілді игере алады?,Славян және түркі тілдеріне қандай тілдер жатады? Іс-шарада «Су перісі», «Суық жүрек» мультфильмдерінен түркі және славян тілдерінде әндері шырқалды.
Балалар үшін тілдер, мәдениет, тарих, ҚР-ның аумағында тұратын әртүрлі ұлттардың өмірі туралы қызықты тапсырмалар ойлап табылды.Олар бұлсұрақтарда өте белсенді әрі білікті болды. Шара барысында балаларға «Полиглот» (мысалы, мақал орыс тілінде басталып, қазақша аяқталуы немесе керісінше болуы) сайысы, «Сен өз Отаныңды білесің бе?», «Бәйге» және т.б.
Шараның соңында оқушылар «По дороге с облаками» мультфильмін сүйсіне көрді.
Қатысушылар саны 35 адам.