«Мен елімнің ұлымын»

2024 жылдың 26 ақпанында «Кешкі кітапхана» жобасы аясында академик, көрнекті геолог Қаныш Сәтбаевтың 125 ж. орай № 14 орта мектебінің 7 сынып оқушыларына «Мен елімнің ұлымын» атты өлкетану сағаты өткізілді. Шара барысында жүргізушілер балаларға көрнекті ғалымның бай ғылыми мұрасы, оның мемлекеттік және қоғамдық қызметі туралы айтып берді. Оқушылар назарына «Қаныш Сәтбаев – тарихтағы тұлға» атты мультимедиялық презентация, сонымен қатар «Қаныш Сәтбаев – геолог» бейнефильмі ұсынылды. «Тұлға. Патриот. Академик» көрмесіне шолу жасалды. Балалар викторинаға белсенді қатысты, бұл оларға ұсынылған материалды жақсы түсінуге көмектесті.

 

Комментарии запрещены.