№ 10 көпшілік кітапханашылары «Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ акт залында қызметкерлерінің қатысуымен «Мейірімділікті жақсылықпен көбейту» ашық диалог өтті. Жүргізуші – кітапханашылар:Роза Займолда және Н.И.Пихлик іс-шараны екі тілде 2016 жылдан бастау алған Алғыс күніне арнады.
Мерекелік шара түсінікті болу үшін алдымен «Земля Казахстана» атты бейнеклип көрсетілді. ҚХ Ассамблеясының 22 – сессиясында, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Елбасының бастамасымен қолға алынған Алғыс күні мерекесі туралы мәліметтер берілді, яғни 1 наурыз — Алғыс айту күні болып белгіленді. Бұл күн қиын қыстау кезеңде қазақ жеріне жер аударылған әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың қазақ еліне сол кездегі бауырмалдықтары, шыдамдылықтары, мейірімділіктері үшін алғыс айтып, құрмет көрсететін күн болып табылды.
Қазақстан елінің әртүрлі ұлттар мен ұлыстардан тұратындығы сол кездегі Кеңестік солақай саясаттың нәтижесі екендігі ешкімге де құпия емес. Елбасымыздың және сол оқиғаға куәгерлердің сөзімен тарихқа үңілетін болсақ вагонға тиелген аш жалаңаш халықты тиеп қазақ даласына әкеліп тастаған. Өз тұрмыстары жақсы болмаса да қазақ халқы оларды үйіне кіргізіп, қолдау көрсеткен. Соғыс кезеңінде Қазақстан өз жеріне 350 мыңдай адамды жер аударып тастаған. Сонымен қатар «Депортация» сериясы бойынша «Один народ. Одна страна. Одна судьба» әлеуметтік ролик көрсетілді. Бұл бейнеролик жоғарыда айтып өткен бауырмалдық, мейірімділік көріністерін көрсетеді.
Жүргізушілер сонымен қатар 50 жылдары тың игеру кезінде де 1,5 миллион адам келгенін, XX ғасырдың басынан қазақ жеріне бес жарым миллиондай адам қоныс аударғанын айта кетті. Дархан жүректі қазақ елі осыншама елді өз қамқорына алып, еш қысымшылық көрсетпей осы уақытқа дейін тату тәтті өмір сүруде. «Ризамын, елім саған!» бейнеролигінде әр ұлттың танымал өкілдерінің атынан алғыстары мен ізгі-тілектері туралы көрсетілді.
Кітапхана қорынан ұсынылған Алғыс күніне орай ұйымдастырылған кітап көрме назарға ұсынылды.
Шара соңына қарай «Бәйге» викторинасы өткізілді. Алғыс күнін ешкім Американың Қамқорлық күнімен шатастырмайтындарын айтып, кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.