«Мейірімділік пен қайырымдылық күні…» кеш

1 қазан Павлодар ауылы көпшілік кітапханасының оқу залында   Қарттар күніне орай «Мейірімділік пен қайырымдылық күні…»  ұранымен ауылдық ардагерлер және зейнеткерлер үшін кезекті есеп беру және сайлау конференциясы өтті. Конференцияны  Ардагерлер кеңесінің төрайымы Сорокина Мария Александровна және ауылдық әкімшілігінің өкілі Касацкая Екатерина Владимировна өткізді. Кітапханашылар Шокубаева Г. және Сергазина Г. «Қарттарым  — сарқылмас қазынам» кітап көрмесін ұйымдастырды. Конференцияның қонағы ауылдық волонтер өкілі  Зарицкая Елена Владимировна және кітапханашылар құттықтау сөздермен кешті жалғастырды.   «Достық» халық хоры өз репертуарындағы «Алтын күз» әнімен құттықтады, Рубцова Галина Александровна және Маршала Валентина Власовна Қарттар күніне арналған өлендерін оқыды. Конференцияның соңында мерекелік дастархан жайылып, қонақтар сүретке түсті. Қатысушылар 30 адам.

Комментарии запрещены.