№17 жалпы білім беретін мектептің оқушылары үшін «Мейірімділік пен алғыс айту» тақырыбында ақпарат сағаты өткізілді. Д. Әбілев атындағы кітапхана қызметкерлері балаларды «Алғыс айту күнінің» тарихымен таныстырып, «алғыс», «мейірімділік», «қайырымдылық» ұғымдарының жан-жақтылығын ашты. Балалар мереке тарихын қуана тыңдады, «алғыс» сөзіне сөздер, сөз тіркестерін таңдады. Кездесу барысында ортақ тарих пен тарихи жады негізінде қазақстандық бірегейлік пен бірліктің дамуын бейнелейтін мереке туралы айтылды. Оқушылар өз сөздерімен, өлеңдерімен мұғалімдеріне, мектеп ұжымына алғыстарын білдірді. Ақпараттық сағаттың соңында: «Біз-қазақстандықтармыз! Бізде бірыңғай қазақстандық бағыт бар. Алғыс айту күні — адамдар бір-біріне жаңа қадам жасап, «рахмет»айтудың тағы бір себебі туындайтын күн.