«Алғыс айту – адамзаттың асыл қасиеті»

01.03.2023 Орталық қалалық кітапханада «Алғыс айту – адамзаттың асыл қасиеті» даналық сағаты өтті. Шараның қонақтары: Шаяхметов Қаршыға Қабыкенұлы «Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Якубов Фархат Камильевич «Үздік өрт сөндіруші» азаматтық қорғау аға өрт сөндіру сержанты, Стец Максим Дмитриевич, жедел-құтқару қызметінің бас құтқарушысы, сүңгуір. Қаршыға Қабыкенұлы Алғыс айту күнімен құттықтады, ұлттық бірлікті, қазақстандық патриотизмді, барша қазақстандықтардың бір-біріне деген мейірімділігін, достығы мен сүйіспеншілігі туралы айтты. Фархат Камильевич өртке қарсы қызметтің қиын күндері және өрт кезіндегі тәртіп ережелері туралы айтты. Максим Дмитриевич сүңгуірдің аз танымал және сирек кездесетін кәсібі туралы айтып, ТЖМ құтқарушыларының қатарына шақырды. «Павлодар дарыны» орталығының басшының орынбасары Кунанбаева Айгүл Тойғанбайқызы. Орталық қалалық кітапханаға және қонақтарға қызықты,мазмұнды іс-шара үшін алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті.

Комментарии запрещены.