«Мейірімді болсаң, жақсы адам болғаның» ертегітеропиясы

Орталық балалар кітапханасында «Альрами» клуб үйі қоғамдық бірлестігінің мүшелері үшін «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде, «Мейірімді болсаң, жақсы адам болғаның» атты ертегітеропиясын қолданып, алғыс айту күніне орай мейірімділік сабағы өткізілді.

Кітапханашы-жүргізушілер Е.Ю.Борякина мен Л.А.Лавриненко іс-шара қатысушыларына жақсылық, бейбітшілік, махаббат және түсінісу толқындарына қызықты саяхат жасауға ұсыныс жасады. 1 наурызда Қазақстан халқы Алғыс айту күнін тойлайды! Ең алдымен, бұл күн президенттік саясаттың, бейбітшілік пен келісімнің мерекесі. Өйткені, біздің еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақтың, тыныштық пен үйлесімділіктің және өзара сенім мен барша қазақстандықтарға деген құрметтің көрсетілуі болып саналады. Алғыс айту күні — бұл түрлі этностардан келген, кейде қайғылы оқиғалар нәтижесінде Қазақстанға қоныс аударған миллиондаған адамдарды өз бауырлары ретінде қабылдап, қонақжайлылығы мен қамқорлықтарын көрсете білген, Алланың батасын алған қазақ жеріне, халқына деген  ризашылығын білдіру. Олардың қасіретін, мұң-қайғысын  өзінікіндей қабылдап, қазақ халқы жанашырлық танытқан. Сондықтан, бұл  біздің еліміздегі әр түрлі этностардың адамдары арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан адамгершілік қарым-қатынастардың  өлшемі болып табылады. «Альрами» Клуб Үйінің мүшелері ең мейірімді және жарқын мерекелердің бірі жөнінде  «1 наурыз – Қазақстанда алғыс айту күні» атты бейнебаянынан білді. Олар  «Әр таң мейірімді әннен басталады» өлеңін қуана-қуана тыңдады. Көрермендер арасында «Сөзді аяқта», «Әдепті, әдепсіз» ойындары, «Мейірімді және зұлым – ертегі кейіпкерлері», «Ертегілер жолымен» сұрақ-жауаптары үлкен жандануды тудырды. Іс-шараға қатысушылар «Жайдан жай» мультфильмін тамашалады. Ал шара соңын «Қоянның тәтесі» атты қуыршақ театры қойылымының көрсетілуімен аяқтады. Қатысқандар саны: 20 адам.

Комментарии запрещены.