Ленин кентінде Мәдениет Үйінің жанындағы алаңда Масленица
мерекесі өткізілді. Оған №5 балалар кітапханасының қызметкерлері белсене
қатысты. Кенттегі мекемелер мен тұрғындардың атсалысуымен көңілді бұққтаралық сауық-сайран қызықты өтті. Павлодар қаласынан келген «Оптимист» ансамблі өнер көрсетті. Спорт ойындары, аттракциондар, жәрмеңкелер көптің көңілінен шыы.
Балалар түрлі сайыстарға қатысып, орыстың ұлттық мерекесі – Масленицаның
өзіндік ерекшеліктерімен танысты. Жиналғандарға ыстық шай мен құймақ ұсынылды.
Кітапханашылар ұлттық орыс фольклоры негізінде конкурстар ұйымдастырып, ұлттық
ойындар өткізді. Думанды мерекеге 450-дей адам қатысты. Кітапханашылар өткізген
конкурстарға 60-қа тарта бала қатысты.