«Мәшһүр қалдырған мұра»

Бүгін  Д.Әбілев атындағы көпшілік кітапханасында «Мәшһүр қалдырған мұра» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.   Шараға қонағымыз —  ақын, жазушы, әдебиеттанушы Серік Елікбай   және ИНЕУ студенттері, №24 жалпы білім беру мектебінің оқушылары қатысты.  Ақын, жазушы С.Елікбай  дөңгелек үстелде ғұлама Мәшһүр Жүсіп туралы, бүгінгі қазақ әдебиетінің кеше, бүгін, ертеңі туралы өз ой-толғаныстарын кеңінен әңгімелеп берді. Шараға қатысушылар, оқырмандар кітап авторына көкейдегі сауалдарын қойып, оларға тұшымды жауаптар   алды.   Кітапхана  қорындағы кітаптар, жергілікті мерзімдік басылымдарда жарияланған мақалалардан  «Мәшһүр қалдырған мұра»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар студенттер тақырып бойынша   сұрақтарын қойып, ұйымдастырушылар жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Комментарии запрещены.