Өлкетану кеші

14 ақпан күні Ұлттық әдебиеттер кітапханасының қызметкерлері Павлодар  экономикалық колледжінің 1 курс студенттеріне Павлодар облысының 80 жылдығына арналған  өлкетану кешін өткізді.

 1938 жылы 15 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысын екіге бөлу туралы жарлық шықты, оның біреуі – Павлодар облысы. Павлодар облысы Қазақстанның ірі аймағына жатады. Павлодар облысының тарихы еліміздің тарихымен тығыз байланысты: 30-шы жылдардың соңындағы қуғын-сүргін, қиын соғыс жылдары, 1956-1960 жылдары тыңды игеру, колхоздар мен совхоздардың құрылуы, мәдениет, ғылым, білім берудің дамуы, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына ат салысты. Ертістің Павлодар өңірінің тарихы бай, ол өмірдің барлық салаларындағы  өздерінің жетістіктерімен, өзінің салттарымен, жерлестерінің әйгілі аттарымен  танымал.

Кереку өңірі —  өнер мен мәдениеттің, ғылым мен білімнің көрнекті өкілдерін дүниеге әкелген аймақ. Бұқар жырау, Малайсары батыр, Жаяу Мұса, Иманжүсіп Құтпанов, қазақ ғылымының атасы – Қаныш Сәтбаев, әнші Майра, ғашықтық символына айналған «Қорлан» әнінің авторы атақты Естай Беркімбай, Байғабыл Жылқыбай өмірге келген. Орыстың белгілі ақыны Павел Васильев те осы қалада туып, әйгілі болған.

Шара барысында Павлодар облысы жайлы деректі фильмдер көрсетіліп, алғаш рет «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде Иса Байзақов атындағы облыстық филармония әншілері шырқаған «Павлодар облысының әнұраны» тыңдалып,  буктрейлер көрсетілді. Шара соңында   «Тарихымен бай өлке» кітап көрмесіне шолу жасалды.   Шараға 25 адам қатысты.

 

Комментарии запрещены.