«Өлеңмен өткен өрлерім » атты әдеби-сазды кеш

  21 ақпан күні № 15 көпшілік кітапханасы № 12 Қ.Бекхожин атындағы мектептің
9 сынып оқушыларына осы мектепке аты берілген, көрнекті ақын, жерлесіміз
Қ.Бекхожиннің туғанына 105 жыл толуына орай «Өлеңмен өткен өрлерім» атты әдеби-сазды кеш өткізді. Ол кітапханадағы көп жылдардан бері өткізіліп келе жатқан «Мәңгілік сүйікті туған өлкем» жобасы аясында облысымыздың 80 жылдығы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналды. Одан әрі шара «Өлеңмен өткен өрлерім» атты слайд тұсаукесермен жалғасты. Жүргізушілер Рахымгалиева Лида Тулеповна мен Кабылова Айгерім Барлыкхановна келген қонақтарды таныстырып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі. Оқушылар «Ерке сылқым» күйін орындап, ақынның өлеңдерін оқыды. «Сағым жылдар» ансамблінің мүшесі Маутина
Қарылғаш
«Дударай» әнін орындап берді.
№12 Қ.Бекхожин атындағы мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Боранбаева Майра  Қадырбекқызы мектептің тыныс –тіршілігі, ондағы Қалижантану орталығы, «Қалижан оқулары» туралы әңгімелеп берді.

Жиналғандар назарына Қ.Бекхожиннің шығармашылығына арналған «Өлеңмен өткен өрлерім» атты вертуалды көрме мен оқушылар дайындаған әдеби монтаж көрсетілді.

Шара соңында белгілі ақын, бірнеше кітаптың авторы Шолпан Байғалы Қ.Бекхожиннің «Батыр Науан» тарихи шығармасына тоқталып, балаларға табыс тіледі, кітапханаға «Қызылтаң – алтын
бесігім» атты кітабын тарту етті. Ал 
«Сағым жылдар» ансамблі ақынның сөзіне жазылған Е.Брусиловскийдің «Кел, біздің ауылға» әнін шырқады.

Кеш жүргізушілері ақынның артында қалған мол әдеби мұрасы әлі де талай ұрпақты ұлттық рухты өрлетіп, адамгершілік қасиетке, патриоттық сезімге тәрбиелей беретінін атап айтты. Шара
соңында барлығы естелікке суретке түсті.

Шараға 35 адам қатысты.

1bd886290d384aee0.th.jpg 2.th.jpg 3.th.jpg

Комментарии запрещены.