«Алаштың сөнбес жұлдызы»

21 маусым күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасында көпшілік оқырмандарға    ақын М. Жұмабаевтың 130 жыл толуына орай «Алаштың сөнбес жұлдызы» атты әдеби-тарихы кеші өткізілді. Кітапханашылар М. Жұмабаевтың өмірбаянымен,  шығармашылығымен таныстырды. Оқырмандар ақынның өлеңдерін оқыды. «Жыр тербеген жүрек» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып шолу өткізілді.  …

Толығырақ

«Парасат майданы»

22 мамыр күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасы «Бір ел, бір кітап» республикалық акциясы бойыша №40 мектептің 10 а сынып оқушыларына жазушы, драматург Т. Әбдікұлының «Парасат майданы» атты кітабына тұсаукесер өткізді. Кітапханашылар акцияның мақсат-міндеттері, жазушы және оның шығармалары туралы әңгімелеп, жазушының «Парасат майданы» кітабымен…

Толығырақ

«Кітап әлеміне жазғы саяхат»

10 мамыр күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасына №117 балабақшаның мектеп алды даярлық тобы «Кітап әлеміне жазғы саяхат» атты саяхатпен келді. Бүлдіршіндерді кітапханашылар қарсы алды. Оларға оқу залымен абонемент залын көрсетіп, жұмбақтар, ойындар, сұрақ-жауаптар өткізді.

Толығырақ

«Ел болашағы – бүгінгі жастар»

2023 жылдың 5 мамырында Павлодар ауылының көпшілік кітапханасында Павлодар ауылының әкімі аппаратымен бірлесіп, интернационалистер-сарбаздарға арналған «Ел болашағы – бүгінгі жастар» атты патриоттық ән кеші өтті. Қонақтарды ауыл әкімі С.Т.Рушанов құттықтады.Қонақтарға Д.Рейхерт гитарада В.Цойдың «Кукушка» әнін, Зубков А. баянмен «Балалар сюитасы №1» музыкасын, домбыра…

Толығырақ

«Қазақ елі — татулық мекені»

28 сәуір күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасы Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Қазақ елі — татулық мекені» этнофестивалін өткізді. Шараға «Еркемай» домбыра үйірмесі, ауылдың «Достық» хоры, # 40 мектептің 5 сынып оқушылары, «Солнышко» балабақшасының мектеп алды балалары қатысты.

Толығырақ

«Ерлік дәуірінің ерен тұлғасы»

26 сәуір Абылай ханның 310 жыл толуына орай «Ерлік дәуірінің ерен тұлғасы» информина өтті. Кітапханашылар көпшілік оқырмандарға Абылай ханның саясатына берген бағасы жайлы қысқаша мәлімет беріп өтті. Оқырмандарға әр түрлі сұрақтар қойылды, олар өз ойларын ортаға салды. Аттас кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ