«Күмбірле, күй-домбыра»

2021 жылдың 1 шілдесінде сағат 15.00-де Павлодарское ауылының көпшілік кітапханасында «Күмбірле, күй-домбыра»  онлайн музыкалық сағаты өтті     Мақсаты: қазақ халқының музыкасына, дәстүрлері мен мәдениетіне деген қызығушылықты арттыру, жас ұрпақтың рухани және мәдени өміріне жаңа серпін бере отырып, музыка өнерінің дамуына үлес қосу.
Іс-шара келесі кезеңдерден тұрды:
1. Музыкалық сәлемдесу
2. Әйелдер қоғамының мүшесі Жүніс Бақыт барлығын Домбыра күнімен құттықтап, балаларға домбыра туралы аңызды айтты.
3. Мектептегі «Еркем ай» домбыра үйірмесінің жетекшісі Мұтай Айнагүл өз оқушыларымен бірге «Сарыарқа», «Ата толғауы» күйлерін, «Еркемай» халық әнін орындады.
4. Содан кейін «Домбыра — дастан» викторинасы өткізілді.
5. Соңында кітапханашылар кітап көрмесіне шолу жасады.
6. mb.pavlodarskoe instagram және facebook парақтарында дайын материалдарды 1 шілдеде жариялады

Комментарии запрещены.