28 тамызда Конституция күніне орай кітапхана оқырмандары үшін «Конституция – мемлекеттің төлқұжаты» атты құқықтық сағаты өткізілді. Шара Қазақстанның әнұранын орындаумен басталды. Кітапханашылар балаларды мемлекеттің басты құжаты – Конституциямен таныстырып, еліміздің азаматтарының құқықтары мен міндеттері туралы айтып берді. Балалар «Елімнің рәміздері», «Менің Отаным – Қазақстан» викториналарына белсене қатысты, «Конституция» тірек сөзімен сөзжұмбақ шешті. Шара аясында кітап көрмесі ұйымдастырылды.