2019 жылы 29 наурызда Орталық балалар кітапханасының Коворкинг оқу залының орталығында кітапхана қызметкерлері Қазақ балалар жазушылары М. Жаманбалинов, М. Әлімбаев, Б. Соқпақпаевтың 95 жылдығына арналған «Көру қабілеті нашар балаларға арналған мамандандырылған үлгідегі № 82 сәбилер бақшасы» МКҚК даярлық тобының 25 баласы үшін қазақ тілінде Балалар кітаптар апталығы аясында «Қазақстан бойынша кітап саяхаты» атты қуанышты оқу сағатын өткізді.
Шара басында «Маралдым» әні сүйемелдеуімен жүргізушілер-кітапханашылар Жанар Пазыловна Дюсенбаева және Сапура Мұрат балаларды қарсы алып, жазушылардың өмірбаяндары мен шығармашылығы туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, үш жазушы-мерейтой иегерлері туралы слайд, Б. Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа», М. Әлімбаевтың «Ана тіліне тағзым», М. Әлімбаевтың «Менің інім» шығармалары бойынша бейнеролик және буктрейлер көрсетілді.
Балалар іс-шараға дайындалып, мерейтой иегерлер-жазушылардың өлеңдерін айтты.«Менің атым Қожа» повестінен үзінді (кітапхана қызметкерлері шығарма кейіпкерлерімен таныстырды) балаларды қуантты. Әр түрлі сұрақ-жауап ойындар, сайыстар, жұмбақтар балаларға өте ұнады.
Шара соңында кішкентай қонақтарды кітапханамен, кітап көрмесімен таныстырып, кітапқа шолу жасады. Көңілді жағымды шара, қазақтың әдеби кейіпкерлері Қожа және оның әжесінің қолынан тәттілер мен сыйлықтар алуын , барлық қатысушылардың көңіл-күйін одан әрі көтерді.