«Көктемгі жаңару мерекесі»

Наурыз мерекесін тойлау күндерінде № 8 балалар кітапханасының қызметкерлері Павлодар қаласының № 86 балабақшасының дайындық тобының бүлдіршіндері үшін «Көктемгі жаңару мерекесі» атты ойын бағдарламасын өткізді. Шара басында «шашу» ұлттық ырымы өткізілді.
Іс-шара барысында мейірімділік, көңілділік пен шаттық атмосферасы орнады. Балалар қызығушылықпен қатысып, ұлттық салт-дәстүрлермен, әдет-ғұрыптармен танысты, ойындар ойнады. Балалар «Арқан тарту», «Көтермек» ойындарына белсене қатысты. «Наурыз» мерекесі туралы ән шырқап, тақпақтар айтты. Шара соңында естелік ретінде суретке түсті.

Комментарии запрещены.