20 ақпан күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасының қызметкерлері №40 мектептің 4а сынып оқушыларына «Кітаппен бірге ер жетеміз» атты кітапханалық сабағын өткізді. Сабақ барысында балалар үш топқа бөлініп («Ертегілер кітабы», «Батырлар жыры кітабы», «Аңыз-әңгімелер кітабы») жұмыс жасады. Іс-шара оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруды, оқушыларды кітап арқылы мейірімділікке, ізгілікке, тәрбиелеуді көздеді. Кітапханалық сабақта оқушылар өздеріне көптеген пайдалы ақпараттар алды. Ең алдымен кітаптың қалай пайда болғаны жайлы, шығу тарихы жайлы мәлімет алды. Ерте замандағы кітаптар мен қазіргі заманғы кітаптардың айырмашылығын білді. Кітап оқудың пайдасы зор екенін түсінді. Соңында оқушылар кітапқа байланысты сұрақтар қойылып, жауаптарын алды.