«Әдеби саяхат»

Кешкі кітапхана аясында 17 ақпанда Д. Әбілев атындағы  көпшілік кітапханада классикалық жазушылардың шығармашылығын дәріптеу және жастардың оқуға деген қызығушылығын  арттыру мақсатында «Әдеби саяхат» тақырыбы бойынша флешбук өткізілді. Оған медициналық колледж студенттері қатысты. Кітап – білім  көзі.  Ол көптеген ғасырлар бойы адамдарға қызмет етіп келеді, адамдардың алдына заманауи түрде келгенге дейін ұзақ және қиын жолдардан өтеді.   Жүздеген жылдар ішінде  кітап шығару тәсілі де өзгерді. Бұрын ол ұзақ және көп уақытты қажет ететін. Ал қазір кітаптар компьютерлердің көмегімен басып шығарылады және олардың саны – кітаптың  таралымы — мыңдаған данадан тұрады. Бұл іс-шарада рөлдерге бөлініп, кітаптар тарихы бойынша ойын өткізді. Іс-шара барысында не оқу керектігі туралы жанды әңгіме болды. Кітап авторлары дәйексөздер, иллюстрациялар арқылы ұсынылды. Іс-шараның бұл түрі жастар үшін өте пайдалы болды.

Комментарии запрещены.