Кітапханадағы коворкинг-орталығы

29 мамырда №10 көпшілік кітапхансында «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары» аясындағы коворкинг-орталық ашылды. Ашылу салтанатына қатысқан партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жұлдыз Тәйкебаева кітапханаларды жаңарту жөніндегі жұмыс еліміздегі жалпы жаңғырту үдерістерінің бөлігі екендіген атап өтті.

— Қазіргі кезде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мен цифрландыруға бағытталған партиялық жаңа бірнеше жоба іске асырыла бастады. Жаңа жобалардың тұсаукесері Павлодар облысынан басталды. Коворкинг-орталықтар да дәл осындай жобалардың аясында ашылуда. Қазіргі таңда облысымызда жиырма орталық  жұмыс істей бастады, — деді ол.

Іс-шараға орталықтың демеушілері болған оңтүстік кореялық фирманың өкілдері қатысты. Фирма өкілі Жарқын Тұрышев қала тұрғындарын құттықтап, бұл орталық қалалықтар игілігіне айналады деген пікірін жеткізді. Орталықтың ашылуын қуана қарсы алғандардың бірі – С.Торайғыров атындағы ПМУ магистранты Рамиль Смайылов. Бала кезінен осы кітапхананың оқырманы болған ол ұжымға сәттілік пен оқырмандардың көп болуын тіледі. Осындай игі істердің атқарылуына ықпал еткен облыс әкімі Болат Жұмабекұлы Бакауов пен облыстың мәдениет, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Тәттімбекұлы Райымбеков болатын.

Жаңа орталықтың ашылу салтанатында ән мен күйден шашу шашылды. Шараға 52 адам қатысты.

Комментарии запрещены.