Ашық диалог «Алғысымыз шексіз» тақырыбы аясында өткізілген шара №1 емханада медицина қызметкерлеріне арналып №10 көпшілік кітапхананың қызметкерлері: Р.Займолда және Н. Пихлик қазақ және орыс тілдерінде өткізді.
Жүргізушілер шараға қатысушыларды мерекелерімен құттықтағаннан кейін, сөз кезегін емхананың бас дәргерінің орынбасары — Алиева Рымжан Гаусильевнаға берді.
Бүгінгі өткізіліп отырған шара сонау қиын қыстау кездері қазақ жеріне өз еріктерінсіз жер аударылған ұлттар мен ұлыстардың қазақ халқына алғыс айтып ізгі тілектерін білдіру үшін белгіленген күн екенін айтып өтті. Көңілі дархан даладай қазақ халқы өзге ұлт өкілдерін туғанындай бауырына басты.
Алдыменен ХХ ғасырдың басында Қазақстанға Россия мен Украйна, Беларусиядан миллиондаған халықтың қазақ жеріне қоныс тепкендіктерін, одан кейін саяси репрессияға ұшырап және Қазақстанда орыналасқан түзету лагерлерінде қамалған халықтар тағдырлары туралы баяндап өтті. «АЛЖИР» атты әлеуметтік ролик назарларына ұсынылды, бұл ролик сол оқиғаларды сипаттап тұрды.
Жүргізушілер келесі баяндамаларын түгелдей бір халықтардың депортациялануы жайында сөз етті. Олар «саяси сенімсіз халықтар» деген жала жамылған халықтар еді. Қазақ халқының қанына біткен бауырмалдығы мен қонақжайлылығының арқасында көбі аман қалды. Олар сырттан келгендерді баспаналарына кіргізіп, нандарымен бөлісті. Тақырыпты аша түсу мақсатында «Депортация» әлеуметтік ролик көрсетілді.
Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес Одағының әр түрлі аудандарынан эвакуацияланған халықтар жайында шараның келесі этапты бөлігі жалғасын тапты. Қатысушы көрермендер назарына «Война» атты тағы бір ролик ұсынылды.
Алғыс айту күніне арналған шараның соңғы бөлімі тың жерлерді игеру мақсатында бұрынғы Кеңес Одағының әр республикасынан қоныстанған халықтар туралы болды. Көбі Қазақстанда қалып тұрғылықты халқына айналса, кейбіреулері отанына оралып жатты. Осылай көптеген ұлттар мен ұлыстардың қазақ жері туған жеріне айналғанына 140 жылдай уақыт өткен екен. Кітапхана қорынан әкелінген көрме назарға ұсынылды.
Шара соңы дәстүрге айналған «Бәйге» сұрақтарымен аяқталды. Шараға қатысқан медицина қызметкерлері бейнероликтерді көру барысында көздеріне жас алып, тағдыр тауқыметін тартқан халықтар тағдырына жандары ашыса, қазақ халқының жомарттығы мен бауырмалдылығына риза болды. Кітапханашыларға осындай мазмұнды іс-шара үшін ризашылықтарын білдірді.