6 ақпанда №10 көпшілік кітапханасының қызметкерлері «Бөбек пен кітапша» пилоттық жобасын ашып, №34 балабақшаның үлкендер тобымен «Бірге оқысақ – көп білеміз» атты кітапхананың балалар мекемесіне сапарын өткізді. Кітапхана 2017 жылы мектепке дейінгі балалары бар және оларды оқуға тартуға мүдделі кітапхана оқырмандары арасында социологиялық сауалнама жүргізді. Оның қорытындылары бойынша кітапханашылар 2018 жылы №34 балабақшамен пилоттық жобаны іске қосуды шешті.
Балалардың ойлау қабілетін дамытудағы кітаптың пайдасы зор екенін ескерген кітапханашылар тәрбиешілер мен ата-ананың көмегіне сүйене отырып, бөбектерді белсенді ойлауға дағдыландыруды және олардың алдынан әдеби кейіпкерлердің тұтас әлемін ашуды жоспарлады. Кітапханашылар балабақшаның меңгерушісі Зоя
Васильевна Пустовая мен үлкендер тобының тәрбиешісі Наталья Николаевна Пильщикованың қолдауымен кітаптарды бөбектермен бірге оқыды.
Балалар өздеріне қойылған мынадай сұрақтарға белсене жауап берді: Ата-аналары оларға кітап оқып бере ме? Жиі оқи ма? Қандай ертегілерді біледі? Кім қазірдің өзінде өзі оқи алады? және басқалар. Бұдан кейін кітапханашы Наталья Ивановна Пихлик белгілі ертегілер бойынша шағын викторина өткізіп, кітапхана меңгерушісі Ирина Васильевна өзімен бірге алып келген кітаптармен таныстырды. Балалар әсем безендірілген кітапты білгенінше оқыды. Ондағы оқиға суреттермен бекітілді. Балалар түсінгенін айтты. Жиырма баланың бірі – Тимко Милана өз
бетімен кітапты тәп-тәуір оқиды екен.
Кітапхананың балабақшаға келуі бірлесіп оқу өте тиімді әрі қызықты болатынын көрсетті. Балалар өздеріне арналған көркем суретті кітаптарды құмарта аударыстырды. Кітапханашылар балаларға келесі, бір аптадан соңғы кездесуге нені дайындап келетіндерін түсіндірді.
23 бүлдіршін қатысты.