Бүлдіршіндер бірінші рет кітапханада

7 ақпанда №10 көпшілік кітапханасы «Бөбек пен кітапша» пилоттық жобасы аясында №34 балабақшаның тәрбиеленушілеріне арналған кезекті ертегілік іс-шара өткізді. Оны кітапхана меңгерушісі Ирина Васильевна Абрамова мен Наталья
Ивановна Пихлик
жүргізді.

Балалар оқу залына кірісімен бірден үстелдің үстіне қойылған әсем безендірілген, түрлі түсті суретті кітаптарды аударыстырып тамашалады.

Ирина Васильевна бүлдіршін келушілерді кітапханамен таныстырып, мұндай қандай кітартар бар екендігі, оларды қалай пайдалану керектігі, кітапханада өздерін ұстау тәртібі және кітаптарды ұқыпты ұстау ережелері туралы әңгімеледі. Бүлдіршіндердің бәрі дерлік оқи біледі екен.

Балалар ертегілер туралы викторинаның сұрақтарына жарыса жауап берді. Ата-аналар мен тәрбиешілер бұл бағытта тұрақты жұмыс істейтіні көрініп тұрды. Кітапханаға экскурсия барысында
осында алғаш келіп тұрған сәбилер түрлі көрмелер мен кітап жаймаларын, балалардың
ойнауына керекті сан алуан заттарды көріп, мәре-сәре болды. Әсіресе
3D форматындағы кітаптар ерекше қызығушылық тудырды. Балабақша
тәрбиешілері де өздерінің күнделікті жұмысында қолдануға болатын түрлі әдістемелік
құралдарды көріп, тамашалады. Балалар кетерінде кітапханаға ата-аналарымен
бірге келуге .

уәде берді. Ал соңғы енгізілген жобаның мақсаты да осында болатын. Шараға 31 адам қатысты

GEDC3687.th.jpg GEDC3696.th.jpg

Комментарии запрещены.